RU
Наурыз мерекесінде метрода жұрттың көңілін көтерген жастарға ел риза болды

Наурыз мерекесінде метрода жұрттың көңілін көтерген жастарға ел риза болды

Рассказать Вконтакте

Желіде Алматы метросында ұлттық аспаппен күй орындап, дәстүрлі ән шырқаған студенттердің видеосы тарап, көпшіліктің алғысына бөленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Өнерімен елді тәнті еткен жастар жайлы Facebook қолданушысы Ерқанат Тұрсынжанұлы өзінің парақшасында жариялады.

"Дəл қəзір метроға түсіп едім, осылай қабылдады. Алматылықтар ұлық мерекені осылай бастады. Жердің үсті мен астында қазақилықтың лебі есіп тұру қажет. Наурыз құтты болсын", - деді ол видео жазбасында.

Мұны көрген желі оқырмандары "керемет", "тамаша", "күнде осылай болып тұрса екен", "жақсы" деген сынды пікірлерін қалдырды.

Қазақпараттың хабарлауынша, жолаушылар мұндай тосын сыйға ризашылығын білдіріп, қошемет көрсетіпті.

Қалалық метрополитеннің баспасөз хатшысы Анна Мерзлякова да осыған байланысты пікір білдірді.

"Наурыз мерекесі қарсаңында студенттер метро жолаушыларын ән мен күйге бөледі. Шағын концерт пойыз ішінде бірінші аялдамадан басталып, соңғы аялдамаға дейін жалғасты.
Студенттер Құрманғазының "Адай", "Балбырауын" күйлерін орындап және халық әндерін шырқап, "Кармен" операсынан партия орындады. Метро жолаушылары мұндай өнер қойылымдарын қошеметпен қабылдады", - деді Анна Мерзлякова.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel