RU
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болды (фото, видео)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді. Осылайша, ол ресми түрде Қазақстан президенті болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Назарбаевтың портреті еліміздің барлық мекемелерінде қалатын болды>>>

Тоқаев: Елбасы – саясаттағы ұлы ұстазым>>>

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласына "Нұрсұлтан" атауын беруді ұсынды>>>

Бүгін тарихта қалатын атаулы күн. Дәл бүгін 2019 жылдың 20 наурыз күні Нұрсұлтан Назарбаев өзінің соңғы жарлығына сәйкес президент өкілеттілігін тоқтатты. Осы орайда парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаев халық алдында ант беріп, ресми түрде Қазақстан президенті болды.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болды (фото,видео)

Осыдан кейін әнұран ойнап, Тоқаевқа салтанатты түрде куәлік, төсбелгі, президент штандарты және "Алтын қыран" ордені табысталды. "Алтын қыран" билік нышаны болып табылады - Қазақстан президенті ерекше үлгідегі "Алтын Қыран" орденінің кавалері лауазымына ие болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болды (фото,видео)

Айта кететін жайт, 65 жастағы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы келесі сайлауға дейін президент болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болды (фото,видео)

Елімізде президент сайлауы 2020 жылы өтеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болды (фото,видео)

Сіздің реакцияңыз
10
4
0
0
23
4
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel