Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Елбасы – саясаттағы ұлы ұстазым

Опубликовано:

Бүгін Астанада өткен қос палатаның бірлескен отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің ұлы ұстазы екенін атап өтті. Жаңа президент өз кезегінде жауапкершілігі мол жұмысты өзіне сеніп тапсырған Елбасына алғысын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев: Елбасы – саясаттағы ұлы ұстазым
Тоқаев: Елбасы – саясаттағы ұлы ұстазым: Original

Нұрсұлтан Назарбаев құрметті сенатор атағын алды>>>

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болды>>>

Назарбаевтың портреті еліміздің барлық мекемелерінде қалатын болды>>>

Қазақстанда басты қалалардың орталық көшелеріне Назарбаев атауы беріледі>>>

Жиында сөз алған Тоқаев алдымен Елбасының Қазақстан мен оның халқына сіңірген ерен еңбегі жайлы айтты.

"Нұрсұлтан Әбішұлы қиын-қыстау кезеңде жаңа елдің іргетасып қалап, көш бастады. Әлем Қазақстанды қарқынды дамыған, демократия, бейбіт пен келісім үстемдік еткен мемлекет деп таныды. Елбасы тарихта алғаш рет жаңа мемлекеттік институттардың негізін қалады. Мәселен, қос палаталы парламент, мемлекеттік қызмет, қарулы күштер, азаматтық институттар бар. Ал 1995 жылы Ата Заңымыз қабылданды",-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, ол Елбасын өзінің саясаттағы ұстазы екенін алға тартты.

"Сізді өзімнің саясаттағы ұстазым деп білемін. Осындай жауапты істі сеніп тапсырғаныңызға алғысым шексіз", -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1784515-tokaev-elbasy-saasattagy-ly-stazym/

pixel