RU
Отандық спортшылар Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жолдады
Жаңалықтар Пресс-релизы

Отандық спортшылар Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жолдады

Рассказать Вконтакте

Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!

Барлық қазақстандықтар секілді, Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен елдің барлық спорт қауымдастығы Тәуелсіз көпұлтты және гүлденген Қазақстан құрғаныңыз үшін Cізге ерекше алғысын білдіреді.

Отандық спортшылар Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жолдады

Отандық спортшылар Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жолдады

Еліміздегі Олимпиада қозғалысының дамуы тұтас мемлекеттің қалыптасуымен тұспа-тұс келді. Сіздің жетекшілік етуіңізбен Қазақстан әлемнің саяси картасында қарыштап дамып қана қоймай, әлемдік спорт қауымдастығында да тұрақты орындарға ие болды.

Еліміздің Тәуелсіздік алуы қазақстандық спортшылар үшін де жаңа мүмкіндіктерге жол берді. ​Барлық Олимпиадаларға қатыса отырып, Қазақстан құрамасы әрбір жаңа олимпиадалық циклда жаңа жетістіктерге қол жеткізе отырып, өз орнын нығайтты. Осы уақытқа дейін біздің қоржынымызда 73 награда, оның ішінде 16 алтын бар. Бүгінде біздің мемлекет әлемдегі спорттық державалардың алдыңғы отыздығына еніп отыр. Сіздің дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру жөніндегі тапсырмаңызды біз спорт саласында орындадық деп сеніммен айта аламын.

Сіз әрдайым қоғамның әлеметтік-мәдени дамуына, ұлттың сауығуына, жас ұрпақты тәрбиелеу жолында спорттың тиімді құралдардың бірі екенін әрдайым айтып келдіңіз. Бүгінде елде 5 миллионнан астам адам спортпен жүйелі түрде айналысып келеді. Сіздің тұрақты қолдауыңыздың арқасында, балалар мен жасөспірімдер, бұқаралық және олимпиадалық спорт түрлері әрдайым нығайып, дамып отырды.

Қазақстанда Тәуелсіздік жылдары ауылдарды қоса алғанда біздің спортшыларды дайындауға қажетті заманауи спорттық инфрақұрылымдар салынды. Біз қысқы Азия ойындары мен Бүкіләлемдік Универсиаданы үлкен дәрежемен қабылдадық. Біздің ареналарда әлем чемпионаттары, әлем кубоктары кезеңдері, жазғы және қысқы спорт түрлері бойынша құрлықтық біріншіліктер сияқты ірі халыақаралық шаралар ұйымдастырылып келеді. Сіздің тапсырмаңыз бойынша ареналар тек атлеттерге емес, сонымен бірге болашақ чемпиондарды дайындауға негіз бола алады.

Қазіргі кезде біздің елде жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлау механизмі құрылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті Халықаралық олимпиадалық комитетінің ажырамас бөлігі және халықаралық спорт аренасында беделі бар, елімізде олимпиадалық құндылықтарды жеткізуші ұйым болып саналады. Біздің одан арғы талпыныстарымыз Қазақстан спортын дамытуға бағытталады. Біз үшін бұл спорт инфрақұрылымын дамыту, балалар мен студенттік спортты, ғылыми және медициналық қамтамасыз ету, сонымен бірге біздің спортшыларымыздың халықаралық ареналарда өнер көрсетуі дегенді білдіреді.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз қазақстандық барлық спортшыларды қолдап келдіңіз, әкелік қамқорлық көрсетіп, маңызды сайыстар алдында оларға ақ жол тілеп келдіңіз, олардың жеңістермен оралғанда әрдайым еңбектерін атап өттіңіз. Қазақстанның барлық олимпиадашылары мен қазіргі және болашақ чемпиондар атынан осы үшін Сізге алғыс білдіріп, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейміз.

Алдағы уақытта еліміздің гүлденуі үшін еңбектеніп, Қазақстанның жеңісті дәстүрлерін нығайтып, еліміздің көк байрағын мақтанышпен көтереміз деп сендіргіміз келеді!

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен олимпиадалық командасы

Сіздің реакцияңыз
9
1
2
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel