Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да кәсіпкер мемлекеттен 11 жыл пәтер күткен көпбалалы отбасыға үй сыйлады

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының Көкпекті ауылында тұратын Боранбаевтар әулеті қоныс тойын тойлауда. 11 жыл бойы олар мемлекеттен үй күткен, алайда отбасының арманын жергілікті кәсіпкер орындаған деп хабарлайды УстинкаLive-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ШҚО кәсіпкер көпбалалы отбасына үй сыйлады
Фото:© Устинка LIVE: Facebook

Бақыттан төбелері көкке жеткен отбасы наурызда мұндай сыйлық күтпегендерін жеткізді.

"Бізге "Елім-ай Көкпекті" агрошаруашылық кешенінің басшысының орынбасары келген кезде біз ештеңе түсінбедік. Болат Миғрашұлының кеңсесіне барған кезде, ол бізге кілт пен үйдің құжаттарын ұсынып, бұл сегізінші наурызға жасаған сыйлығы екенін мәлімдеді", - дейді Зұхра Боранбаева.

Боранбаевтар әулетінде қазір алты бала бар, тағы екеуі көп ұзамай дүние есігін ашпақ. Отағасы Аманғажының сөзінше, кезінде алған өндірістік жарақаттар салдарынан қазір тұрақты жұмысқа орналаса алмайды. Жоғары білімі жоқ болғандықтан, қазір қара жұмысшы болып істейді екен.

"Бізге осындай үлкен, әдемі үй сыйлаған кәсіпкерге алғысымызды білдіреміз. Мұндай сыйлықты күтпеген едік. Кәсібі алға басып, отбасына береке мен бақыт тілеймін", - деді Аманғажы Боранбаев.

Енді үлкен үйде бәріне орын табылады. Ұл-қыздардың жеке бөлмелері болады. Есік алдында монша, жазғы асхана, қоралар бар.

Қайырылымдылық науқаның аясында өткен бір жарым айда Көкпекті ауданында 200-ге жуық тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1784561-sko-da-ksipker-memleketten-11-zyl-pter-ktken-kpbalaly-otbasyga-j-syjlady/

pixel