RU
Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Үкімет қаулысымен Рүстем Құрманов Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

фото: primeminister.kz

фото: primeminister.kz

Рүстем Құрманов 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасының экономикалық талдау бөлімінің жетекші маманы ретінде бастады.

2012-2013 жылдары ҚР АШМ инвестициялық саясат департаментінің директоры қызметін атқарған.

2013-2015 жылдары - ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болды.

2015 жылдан бастап 2016 жылға дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешенінде комитет хатшысы болып жұмыс істеген.

2017 жылдың шілде айынан бастап ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымын атқарған.

2018 жылдың маусымынан 2019 жылдың ақпаны аралығында - "ҚазАгро" холдингі басқармасының төрағасы ретінде танымал.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel