Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекетаев - астаналықтарға: Құжаттарды ауыстыруға жүгірудің қажеті жоқ

Опубликовано:

Әділет министрі Марат Бекетаев астаналықтар дүрлікпеуге шақырды. Астана атауы Нұрсұлтан болып ауысқаннан кейін бірден құжаттарды ауыстыру қажет болмайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бекетаев - астаналықтарға: Құжаттарды ауыстыруға жүгірудің қажеті жоқ
Фото: exclusive.kz: Facebook

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болды (фото, видео) >>>

Әшімбаев: Астананы Нұрсұлтан деп өзгерту туралы шешім қабылданды>>>

Тоқаев: Елбасы – саясаттағы ұлы ұстазым>>>

Қасым-Жомарт Тоқаевтың парламент отырысында сөйлеген сөзі>>>

"Бәрі біртіндеп өзгереді. Ешкім дәл бүгін, қазір барлық маңдайша жазуды өзгерту керек деп тұрған жоқ.
Жеке куәлік, туу туралы куәлік, диплом, көлік жүргізу туралы куәлік сынды құжаттарды ауыстыруға жүгірудің қажеті жоқ. Олар мерзімі аяқталған кезде ауыстырылады", - деп мәлімдеді Бекетаев.

Астана атауын ауыстыру барысында туындайтын бюджет шығындарының көлемін айтпады.

Еске сала кетейік, бүгін 20 наурыз күні Қазақстан парламенті Астана атауын Нұрсұлтанға ауыстыруды мақұлдады. Бұл ұсынысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1784600-beketaev-astanalyktarga-kzattardy-auystyruga-zgirudi-kazeti-zok/

pixel