RU
Алматыда түнгі клубта билеп, ақша тапқан ару ауқатты тай жігітіне тұрмысқа шықты
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда түнгі клубта билеп, ақша тапқан ару ауқатты тай жігітіне тұрмысқа шықты

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде би билеп, табыс тапқан бойжеткен би алаңында ауқатты тай жігітімен танысып, соған тұрмысқа шыққан көрінеді. Құрбысының айрықша махаббат дастанын KAZ.NUR.KZ тілшісіне астаналық Айару есімді бойжеткен айтып берді.

Көрнекі фото: ok.ru

Көрнекі фото: ok.ru

Алматыдағы клубтардың бірінде биші болып жұмыс істеген жас ару өз бақытын тай жігітінен тапқан екен. Бойжеткен болашақ жарымен би алаңында танысқан көрінеді.

"Құрбыммен бір ауылдан болғандықтан, ауылдан Алматыға келе салысымен бір-бірімізді тауып, бірге пәтер жалдап тұрдық. Екеуміз де колледж бітіргенбіз.

Мамандығымыз бойынша жұмыс таппағандықтан, қандай жұмыстың реті болды, соған тұруға тура келді.

Ол мектеп кезінен мектепте биді әдемі билейтін. Сөйтіп бастапқыда екеуміз түнгі клубта даяшы болып жұмысқа тұрдық, кейін ол сол жерде биші болып жұмысын ауыстырды.

Бір қызық айтсам сенбессіздер, бірақ ол өзінің бақытын да сол би алаңынан тапты. Құрбым әдеттегіше шоу бағдарламасы бойынша топпен биін орындап шыққан еді.

Кейін бір ер адам келіп, оның телефон номерін алыпты. Қызығы, ол - өзге елдің азаматы, дәлірек айтсақ, тай жігіті болып шықты. Бізге негізі клиенттермен телефон алмасуға, олармен жақын сөйлесуге болмайды.

Бірақ құрбым білдіртпей номерін беріп, екеуі телефонмен араласа бастады. Ауылдас қызымның ағылшыны да керемет деңгейде емес еді.

Алайда тай жігіті екеуі қалай түсініскенін білмеймін, әйтеуір, бір-бірінің тілін тез тауып, ақыры үйленеміз деген шешімге келді", - дейді астаналық ару.

Сондай-ақ, ол құрбы қызының бүгінде Таиландқа көшіп кеткенін алға тартты.

"Қазір Таиландта, жігіт өте ауқатты адам болып шықты. Ауылға келіп, ата-анасының алдынан өтпесе де, Алматыға туыстарының үйіне келіп, ырым-жоралғысын жасап, алып кетті.
Өзге елдің азаматы болса да, жерлесім үшін қуаныштымын. Қазір тайлық күйеу жігіт қыздың ата-анасына көмектесіп, ауылдағы үйлеріне ремонтын да жасап берді. Құрбым болса аяғы ауыр, биыл мамырда босануы керек", - деп әңгімесін аяқтады бойжеткен.
Сіздің реакцияңыз
23
4
4
0
4
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel