RU
Бекетаев: Бүгіннен бастап Астана Нұрсұлтан болып аталады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Бекетаев: Бүгіннен бастап Астана Нұрсұлтан болып аталады

Рассказать Вконтакте

Әділет министрі Марат Бекетаев астана атауының ауыстырылуы тәртібінде заңға қайшы ештеңе жоқ екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бекетаев: Бүгіннен бастап Астана Нұрсұлтан болып аталады

Көрнекі фото:controlengrussia.com

Әшімбаев: Астананы Нұрсұлтан деп өзгерту туралы шешім қабылданды>>>

Нұрсұлтан Назарбаев құрметті сенатор атағын алды>>>

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болды>>>

Бекетаев - астаналықтарға: Құжаттарды ауыстыруға жүгірудің қажеті жоқ>>>

Министрдің сөзінше, Конституцияның 91-ші бабында мұндай мәселелерді шешу жолдары қарастырылған.

"Шынымен, Конституцияның 48-ші бабы президенттің негізгі заңға өзгерістер енгізу құқын шектейді. Себебі ол сайланған емес, уақытша орындаушы. Сондықтан оның құқы шектеулі.
Бірақ Конституция бұзылмаған (Астана қаласының атауының өзгеруіне қатысты жағдайда - ред.түсініктемесі), себебі бұл бастаманы 91-ші бапқа сай үкімет ұсынып отыр", - деп түсіндірді Марат Бекетаев.

Қыста депутаттар корпусы Астана қаласына Назарбаев есімін беру туралы ұсыныс түскенін еске салды. Бірақ ол жолы Елбасы бұл идеяны құптамаған болатын.

"Сонда бүгіннен бастап Астана Нұрсұлтан болып атала ма?", - деп сұрады журналистер.
"Иә, бүгіннен бастап", - деп жауап қайтарды әділет министрі.
Сіздің реакцияңыз
33
0
0
3
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel