Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан: Астананың жаңа атауын мәслихат қолдады

Опубликовано:

Астана қалалық мәслихатының депуттары алтыншы шақырылымының кезектен тыс 46-сессиясында мемлекет астанасының атауын "Нұр-Сұлтан" деп өзгерту шешімін мақұлдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Liter.kz
Фото: Liter.kz: Depositphotos

Негізгі баяндаманы қала әкімі Бақыт Сұлтанов жасады.

Нұрсұлтан Назарбаевтің кешегі тарихи шешімі өзге маңызды шешімдердің қабылдануына жол ашты. Бұгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға оның есімін беруді ұсынды. Құрметті мәслихат депутаттары, бүгін парламенттің бірлескен палата отырысында қаланың Нұр-Сұлтан деп өзгерту ұсынысын қабылдады.
Қала әкімшілігі ел президентінің біздің замандасымыз, тұңғыш президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты мәңгі есте сақтайтындай етуді толық қолдайды", - деді Бақыт Сұлтанов.

Қала тұрғындарынан және еңбек ұжымдарынан бұл бастаманы қолдайтын үндеулер келіп түсіп жатқанын мәлімдеді.

Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп ауыстыру ұсынысы үкiмет жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1784626-nr-sltan-astanany-zaa-atauyn-mslihat-koldady/

pixel