RU
Мемлекет басшысының төрағалығымен кеңес өтті
Жаңалықтар Саясат және экономика

Мемлекет басшысының төрағалығымен кеңес өтті

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен жиналыс өтті деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото akorda.kz

Фото akorda.kz

Бүгін, 20 наурызда Ақордада Президент Әкімшілігі басшылығының қатысуымен жиын өтті.

Оған президент әкімшілігінің басшысы, оның орынбасарлары, сондай-ақ президенттің көмекшілері қатысты.

Жиын барысында ішкі және сыртқы саясат, әлеуметтік-экономикалық даму, сондай-ақ қауіпсіздік және құқық қорғау органдарының қызметін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Қазақстан Президенті осы саладағы және халықтың тұрмыс-тіршілігі үшін маңызы бар басқа да салалардағы бағдарламаларды сапалы орындауға баса мән берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық бағыттар бойынша туындайтын проблемаларды шұғыл әрі тиімді шешудің маңыздылығын айтты.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы тиісті жұмыстарды үйлестірудің маңыздылығына тоқталып, президент әкімшілігіне барлық тапсырмалардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.
Сіздің реакцияңыз
0
5
1
5
0
4
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel