RU
Келіншегі мен сәбиін перзентханадан ерекше алып шыққан азаматқа жұрт сүйсінді
Жаңалықтар Калейдоскоп

Келіншегі мен сәбиін перзентханадан ерекше алып шыққан азаматқа жұрт сүйсінді

Рассказать Вконтакте

Sulu_kelinder_mangystau парақшасында әйелі мен сәбиін перзентханадан ерекше алып шыққан ер азаматтың видеосы тарап кетті. Театр қуыршақтары мен алып аюларды жалға алған отағасының әрекеті жұрттың қызу талқысына түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Видеодан перзентханадан шыққан жас ана мен нәресте мінген көлікті ауылға төрт алып аю мен бірнеше театр қуыршақтарының бастап келе жатқанын көруге болады.

Би билеп, думандатқан алып қуыршақтарды көрген көпшіліктің пікірі екіге жарылған.

Олардың бірі сәбидің дүниеге келгеніне шашылған әкені сынға алса, екіншілері отағасын жақтаған.

"Кішкентай нәрестеге сонша шашылғаны несі?", "Одан да садақа берсе болар еді", "Мынау енді тым артық", "Кішкентайдың үрейін ұшырғанша, сәл күту керек қой", "Бала қырқынан шыққанша күтсе қайтер екен?".

"Жарайсың! Әйелін осылай шығарып алу кез-келгенніің қолынан келмейді", "Шамасы келсе неге тойлатпасқа?", "Өте керемет", "Перзентке зар болып жүріп, дүниеге келген баласы шығар", "Сәбидің бауы берік болсын" деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, видеоның қайда түсірілгені белгісіз.

Сіздің реакцияңыз
3
1
1
0
1
31
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel