Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жайлы не білеміз?

Опубликовано:

2019 жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатып, алты жыл сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мемлекет басшысы болды. Қазақстанның жаңа президенті туралы ең қызықты деректерді Sputnik Қазақстан ұсынады.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: egemen.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: egemen.kz: UGC

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылдың 17 мамырында Алматыда дүниеге келген.

Президенттің әкесі Кемел Тоқайұлы Тоқаев Ұлы Отан соғысының ардагері. Ал анасы Тұрар Шабарбаева Алматы шет тілдер педагогикалық институтында қызмет атқарған.

Қазақстанның жаңа басшысының жұбайы - Надежда Давыдовна Тоқаева, ұлы - Тимур.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ, орыс, ағылшын, қытай, француз тілдерін жетік меңгерген.

Президент осы уақытқа дейін алты кітап пен бірқатар мақала жазған.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1975 - 1991 жылдар аралығында КСРО СІМ мен шетелде дипломатиялық қызметте болған.

1994-1999 және 2003-2007 жылдар аралығында ҚР сыртқы істер министрі қызметін атқарды.

1999-2002 жылдары ҚР премьер-министр міндетін атқарушы, ҚР премьер-министрі.

2007-2011 және 2013-2019 жылдары депутат, ҚР парламенті сенатының төрағасы.

2011-2013 жылдар аралығында БҰҰ бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Женевадағы бөлімшесінің басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның президенті қызметіне 2019 жылдың 20 наурызында келді.

Жаңа мемлекет басшысы бірінші шешімімен Назарбаевқа Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін "Алтын Жұлдыз" ерекше төсбелгісін табыстап, "Халық Қаһарманы" атағын берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1784675-kazakstanny-zaa-prezidenti-kasym-zomart-tokaev-zajly-ne-bilemiz/

pixel