RU

Ерлан Баттақов президенттің іс басқарушысы болып тағайындалды

Бүгін 21 наурыз күні елбасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Баттақовты президенттің іс басқарушысы қызметіне тағайындау туралы құжатқа қол қойды деп хабарлайды Ақорда.

Ерлан Баттақов. Фото: udp-rk.kz
Ерлан Баттақов. Фото: udp-rk.kz: UGC
"Ерлан Еркінұлы Баттақов Қазақстан Республикасы президентінің іс басқарушысы болып тағайындалсын. Ол Қазақстан Республикасы президентінің іс басқарушысы міндеттерін уақытша атқарудан босатылсын", - деп жазылған құжатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1784691-erlan-battakov-prezidentti-is-baskarusysy-bolyp-tagajyndaldy.html