Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысының басшысы Наурыз мерекесінде кішкентай қыздың тұсауын кесті (фото)

Опубликовано:

Түркістан облысының әкімі облыс орталығына көршілес жатқан Созақ ауданына арнайы келген ата-ананың көңілін қалдырмай, өтінішін орындап берді деп xабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ. 

Өмірзақ Шөкеев. Фото: KAZ.NUR.KZ
Өмірзақ Шөкеев. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Бүгін Түркістан қаласында өткен Наурыз мерекесіне арналған салтанатты шарада көрмені аралап жүрген облыс басшысының жанына тосыннан ерлі-зайыпты жақындап, өз өтініштерін жеткізді. Яғни, кішкентай ғана қыздарының тұсауын кесіп беруді өтінді. 

"Өмірзақ ағай, ырымшыл қазақпыз ғой. Біздің де сәбиіміз сіз секілді елге сыйлы азамат болса екен дейміз. Тұсауын кесіп берсеңіз", - деді бүлдіршіннің ата-анасы. 

Айта кетейік, бір жасар Балаусаны көрген Өмірзақ Шөкеев өтініштен бас тарта алмады. Облыс әкімі сәбиге батасын беріп, тұсауын кесті. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1784702-trkistan-oblysyny-bassysy-nauryz-merekesinde-kiskentaj-kyzdy-tsauyn-kesti-foto/

pixel