RU
БҚО зиялылары Қазақстанның тұңғыш президентіне алғыс айтты
Жаңалықтар Қоғам

БҚО зиялылары Қазақстанның тұңғыш президентіне алғыс айтты

Рассказать Вконтакте

БҚО бір топ зиялылары Қазақстанның тұңғыш президентіне алғыс айтты. Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс хат жолдаушылар қатарында ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері Ақұштап Бақтыгереева; ҚР еңбек сіңірген артисі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сердок Қажмұратов; ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Қатимолла Бердіғалиев; әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері; Жаңылсын Хасанова; айтыскер ақын, «Алтын домбыра» жеңімпазы Жансая Мусина бар.

БҚО зиялылары Қазақстанның тұңғыш президентіне алғыс айтты

БҚО зиялылары Қазақстанның тұңғыш президентіне алғыс айтты

"Ұлы даланың еркіндік алған ғасырының тұңғышы болып тізгінін ұстау сіздің маңдайыңызға жазылған тағдыр екені даусыз. Сын сағаттардан сүрінбей өткен шыдамыңыз бен парасатыңызға куәміз, ризамыз!

"Мың өліп, мың тірілген» ұлтымыздың сан түрлі мінезін де көтеріп, бүкіл әлем алдында абыройын асқақтатып көрсету үшін жасаған істеріңіздің ұшан-теңіз екені тарихқа жазылып қалды. Бұл күнде бүкіл әлем көшпенділер мекені деген қазақ даласын сіздің есіміңізден танып білді. Алаштың ұранын да, жыр-әнін де өзіңіз бастап айтып, өз халқыңыздың өшіп бара жатқан рухын көтерген қайраткерлігіңізге сүйсіндік, қайран қалдық.

Халықтың құрметіне бөленген қазақтың арлы азаматы екеніңіз даусыз. Нар тұлғаңызбен бастап келген тарихи белесіңіз туған халқыңыз үшін нұрлы болашақтың сәтті жолы болғай", - деді зиялылар өкілі өз хатында.
Сіздің реакцияңыз
21
2
3
1
3
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel