RU
Наурыз мерекесін түркі мемлекеттер қалай тойлайды?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Наурыз мерекесін түркі мемлекеттер қалай тойлайды?

Рассказать Вконтакте

Наурыз көптеген түркі халықтарының негізгі мейрамы, жыл басы. Бұл көктем мерекесінің тойланып келе жатқанына бес мың жылдан асқан. Осы атаулы мереке, ұлыстың ұлы күнін әртүрлі елде қалай тойланатынын KAZ.NUR.KZ назарларыңызға ұсынады.

Наурыз мерекесін түркі мемлекеттер қалай тойлайды?

Фото: NUR.KZ

Түркия

Наурыз мерекесін түркі ұлттар қалай тойлайды?

Көрнекі фото:grandkulinar.ru

Мұнда Наурыз мейрамы “Невруз байрам”, “Невруз Султан” сияқты аттармен танылған.

Түркияда Наурызға алдын-ала дайындалып, адамдар өздеріне жаңа заттар алып және жақсы амалдар жасауға тырысады.

Наурыз мерекесін түркі ұлттар қалай тойлайды?

Фото:corum.gov.tr

Түркияның Наурыз мейрамынының негізгі атрибуты – от болып саналады. Оттың үстінен секірген кезде адам бойындағы жаман энергия, ауру-сырқау кетеді дегенге деп сенген. Ол – қазіргі таңда бірте-бірте отшашулармен алмастырылып келеді.

Наурыз мерекесін түркі ұлттар қалай тойлайды?

Фото: corum.gov.tr

Өзбекстан

Наурыз мерекесін түркі ұлттар қалай тойлайды?

Фото:advantour.com

Ұлыстың ұлы күнін Өзбекстан ерекше атап өтеді. Онда Наурызды қалай күтіп алса, жыл солай өтеді дегенге сенеді. Сол себепті бір-бірінен кешірім сұрасып, жақындарына сыйлық беріп, қуанышқа бөлейді.

Наурыз мерекесін түркі ұлттар қалай тойлайды?

Фото:advantour.com

Өзбекстанда Наурыз 21 наурыз күні тойланады. Дәстүрлі түрде жәрмеңкелер, жалпы халықтық шерулер. ат жарыс ұйымдастырылады. Ұлттық киімдерін киіп, ән айтып, би билейді. Онда әлі күнге дейін ежелгі дәстүрлер сақталған.

Наурыз мерекесін түркі ұлттар қалай тойлайды?

Фото:myday.uz

Негізгі тағамдары - сумаляк (бидай ұнынан жасалған тағам), самса, палау, халим (етпен бидай) мен жасыл желек қосып дайындалған нишалда тәтті бәліші әзірленеді.

Әзірбайжан

Наурыз мерекесін түркі ұлттар қалай тойлайды?

Фото: kazpravda.kz

Әзірбайжанда Наурыз мейрамын халық ерекше ықыласпен атап өтеді. Мереке күні ас дайындайды, адамдар бір-біріне бақыт пен молшылық тілейді. Дәстүр бойынша «тонгал» деп аталатын от жағылып, одан жеті рет секіреді.

Наурыз күні жаңбыр жауса, “келер жыл өте берекетті болады" деген наным бар.

Наурыз мерекесін түркі ұлттар қалай тойлайды?

Фото: news.day.az

Мерекелік дастарханның басты тағамы "шекербура" деп аталады. Ол ай пішіндес қамырдан жасалған тәтті тағам. Ал өсіп тұрған жасыл бидай сабақтары “Күн символын” білдіреді.

Наурыз мерекесін түркі ұлттар қалай тойлайды?

Фото:depositphotos.com

Бидай қуырылып, жұмыртқалар қызылға боялады.

Қырғызстан

Наурыз мерекесін түркі ұлттар қалай тойлайды?

Фото:kabar.kg

Нооруз мейрамында дастархан жайылып, дәстүрлі сумелек тағамы дайындалады. Оны қант, май, сондай- ақ бидай ұнынан әзірлейді.Бұл ас жәннәт тағамы, қасиетті деп есептейді айтылады.

Наурыз мерекесін түркі ұлттар қалай тойлайды?

Фото:advantour.com

Адамдар қарыздарынан құтылып, бір-бірімен татуласады. Қар жауса жақсылыққа жорылады.

Түрікменстан

Наурыз мерекесін түркі ұлттар қалай тойлайды?

Фото:arzuw.news

Түрікменстанда көктем мейрамы ерекше аталып өтіледі. Мұнда сол күнгі ауа райына ерекше мән беріледі. Егер наурызда күн бұлтты болса, онда осындай ауа райы маусым айына дейін созылады деп есептеген. Наурызда қар немесе жаңбыр жауса – жыл егінге қолайлы, әрі өнімді болады деп топшылаған.

Сонымен қатар, тағы бір жаңашылдық үрдістің пайда болып келеді. Түрікменстан "Наурыз Байрамы" кезінде әйелдердің қоғам өміріндегі рөлінің танылуы мақсатында Әйелдер күнін атап өтіп келеді.

Наурыз мерекесін түркі ұлттар қалай тойлайды?

Фото: arzuw.news

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
2
16
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel