Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады деп хабарлайды Ақордаға сілтемае жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады
Фото: egemen.kz: UGC

"Құрметті қазақстандықтар!

Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бәрімізді қуаныш пен сүйіспеншілік сезіміне бөлейтін бұл мереке - бейбітшілік пен жақсылықтың нышаны. Оның философиялық мәні зор және бүкіләлемдік мәдени сипаты бар", - деді Тоқаев.

Президент көне заманнан бастау алатын осынау мейрам жаңару мен жаңа өмірдің басталу сәтін сипаттайтынын мәлімдеді.

"Наурыз - рухани бай мұрамыздың, бірегей ұлттық кодымыз бен үздіксіз ұрпақ сабақтастығының жарқын символы. Бұл мереке өмірімізге жасампаздық пен дамудың жаңа лебін әкеледі.
Наурыз - ортақ шаңырағымыз - Қазақстандағы достықты, өзара құрмет пен келісімді нығайтуға септігін тигізетін шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрам. Оның мәңгілік мәні - ең жоғары құндылығымыз бен ортақ байлығымызды - халықтың ынтымағын бекемдеу. «Бірлік бар жерде, тірлік бар» дейді халық даналығы. Әз-Наурыз әр отбасына бақ-береке әкелсін!", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1784743-kasym-zomart-tokaev-kazakstandyktardy-nauryz-merekesimen-kttyktady/

pixel