Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желтоқсанда жоғалып кеткен қарағандылық әйелдің өлі денесі табылды

Опубликовано:

Қарағандыда өткен жылдың желтоқсан айында азық-түлік алуға дүкенге кетіп, үйіне оралмаған 48 жастағы Альфия Асанова өлі күйінде табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желтоқсанда жоғалып кеткен қарағандылық әйелдің өлі денесі табылды
Фото:Қарағанды облысының полиция департаменті: UGC

Әйел адамның денесі қала ішінен қар астынан табылды.

«Мәйіті көшеден табылды. Бұл қала шетіде, жапан дала да емес. Бір қарағанда зорлық-зомбылық іздері жоқ. Нақты ақпаратты сараптама қортындысынан аламыз», - деді әйел адамды іздеуге қатысқан еріктілер.

Еске сала кетейік, Альфия Асанова 29 желтоқсан күні жоғалып кетті. Ол қалтасына 100 мың теңге салып, азықтүлік алуға кеткен. «Биполярлы ауытқу» диагнозына қарамастан әйел адам өз бетімен көшеге шығып, сауда жасай алатын болған.

Полиция іздеу ісін ашып, іздеу шараларын жүргізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1784745-zeltoksanda-zogalyp-ketken-karagandylyk-jeldi-li-denesi-tabyldy/

pixel