Өскеменде өрттен бір адам қайтыс болып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Опубликовано:
Өскеменде көпқабатты үйдің алтыншы қабатында өрт шығып, бір адам қайтыс болды деп хабарлайды ТЖК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Өрт Қабанбай көшесінде орналасқан тоғыз қабатты үйдің алтыншы қабатынан шыққан. От 20 шаршы метрді шарпыған.Қоңырау 10:20 түскен.
Өрт сөндіру жасағы 10 адамды құтқарып, 18 адамды эвакуациялады.
"Өрт 10:42 ауыздықталып, 11:00 сөндірілді. Оқиға орнында 1953 жылы туылған әйелдің денесі табылды. Улы газға уланған бес адам ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады комитет өкілі.
Өрт сөндіруге Шығыс қазақстан облысының ТЖД-нің жеке құрамының 20 адамы және 7 өрт сөндіру бірлігі жұмылдырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1784758-skemende-rtten-bir-adam-kajtys-bolyp-bes-adam-auruhanaga-zetkizildi/