RU

Президент бюджет қызметкерлерінің жалақысын көтеру мерзімін өзгертуді тапсырды

Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қызметкерлерінің жалақысын бірінші шілдеден маусымның біріне ауыстыруды тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президент бюджет қызметкерлерінің жалақысын көтеру мерзімін өзгертуді тапсырды
Фото: 24.kz: UGC
"Үкіметке жалақысы ең төмен бюджет саласының қызметкерлерінің  еңбекақысын 2019 жылдың 1 маусымынан бастап көтеруді тапсырдым", - деп жазды президент Twitter парақшасында.

Президент бұл шешім бір миллионнан астам азаматтық және мемлекеттік қызметкерлердің әл-ауқатына әсер ететінін айтып өтті.

Еске сала кетейік, Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев бірінші шілдеден бастап жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысын көтеруді тапсырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1784759-prezident-budzet-kyzmetkerlerini-zalakysyn-kteru-merzimin-zgertudi-tapsyrdy.html