Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда химиялық зауытта жарылыс болып, төрт мың адам эвакуацияланды

Опубликовано:

Қытайдың шығысындағы Яньчэн қаласындағы химиялық зауыттағы жарылыс нәтижесінде 47 адам қаза болып, 90 адам ауыр жарақаттанды деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қытайда химиялық зауытта жарылыс болып, төрт мың адам эвакуацияланды
Коллаж:espreso.tvtvc.ru: Instagram

Бұл ақпаратпен қала әкімі Цао Лубао баспасөз конференциясы кезінде мәлімдеді.

Оның ақпаратынша, 32 зардап шегушінің жағдайы ауыр, 58 адам ауыр жарақаттар алған. Жеңіл жарақат алғандардың саны әзірге белгісіз.

Зардап шеккендер 16 ауруханаға жеткізілді. Ауруханаға әртүрлі шағыммен 640 адам келген.

Құтқару операциясы на 192 өрт сөндіру техникасы мен 930 әскери ауыр техникасы жұмылдырылды.

Жарылыс 21 наурыз күні түстен кейін Яньчэн қаласының өндірістік аймағында орналасқан химиялық зауытта болған. Жарылыстың күшті болғаны сонша, Қытайдың сейсмологиялық басқармасы жарылыс болған ауданда үш балдық жер сілкінісін тіркеген.

Соққы толқыны бес шақырым радиустағы ғимараттардың терезесін сындырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1784765-kytajda-himialyk-zauytta-zarylys-bolyp-trt-my-adam-evakuacialandy/

pixel