Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Наурызда қарағандылық қайырымдылық қор көпбалалы анаға пәтер сыйлады

Опубликовано:

Қарағанды қаласының барлық аудандарында Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар өтуде. Мерекелік концерт барысында «Харекет» қайырымдылық қоры көпбалалы отбасына пәтер кілтін табыстады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағандылық қайырымдылық қор Наурызда көпбалалы анаға пәтер сыйлады
Көрнекі фото: domodel.net: Instagram
«Харекет» қайырымдылық қорының жұмыс істеп келе жатқанына небәрі бір жыл болды. Бірақ осы уақыт аралығында 82 отбасын баспанамен қамтамасыз ете алдық. Бүгін де, мереке күні Қарағандыдан шыққан көпбалалы анаға пәтер кілтін табыстаймыз», - дейді Қарағанды облысы бойынша қайырымдылық қорының өкілі Ақтоты Жүнісова.

Оның айтуынша, алты баланың анасы Ардақтың оларға құжаттарын тапсырғанына бір апта ғана уақыт өткен, ал бүгін Майқұдық ықшам ауданында екі бөлмелі пәтердің кілтін алды.

«Үлкен рахмет, мен барлығына және «Харекет» қорына өте ризамын. Мен жесірмін, жалғыз өзім алты баланы асырап отырмын. Үлкен ұлым 21, ал кіші қызым тоғыз жаста. Бес жыл бұрын Қарағандыға көшіп келдік, осы уақыт ішінде біз пәтер жалдап тұрдық, өте қиын болды. Бірақ бүгін, Наурыз мейрамында маған тосынсый жасады, пәтер кілттерін табыс етті, мен өте қуаныштымын. Айта кететін жайт, қазір Тұңғыш Президенттің тапсырмасы бойынша мен сияқты көпбалалы аналарға барлық қажетті көмек көрсетіле бастады. Бұл үшін Елбасына, жергілікті билікке және осындай қайырымдылық қорларына алғысымды білдіремін», - деді көпбалалы ана Ардақ Жұмабекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1784806-nauryzda-karagandylyk-kajyrymdylyk-kor-kpbalaly-anaga-pter-syjlady/

pixel