RU
Қазақстан президенті Тұрсынбаеваны жеңісімен құттықтады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қазақстан президенті Тұрсынбаеваны жеңісімен құттықтады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алған мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаеваны құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sports.kz

Фото: Sports.kz

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Тарихта тұңғыш рет төрт айналымдық секіріс жасады. Жарайсың! Қазақ спорты жасай берсін", - деді Тоқаев.

Еске сала кетсек, Жапонияның Сайтама қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында Элизабет Тұрсынбаева күміс медаль жеңіп алды.

Ол әлем чемпионатының тұғырына көтерілген алғашқы қазақстандық спортшы болып табылады.

Сіздің реакцияңыз
7
1
0
0
1
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel