RU
Иракта қайық апатқа ұшырап, 100-ге жуық адам қаза тапты (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Иракта қайық апатқа ұшырап, 100-ге жуық адам қаза тапты (видео)

Рассказать Вконтакте

Ирактағы Тигр өзенінде туристер паромы апатқа ұшырап, 100-ге жуық адам суға батып кетті деп хабарлайды gazeta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: twitter.com/sangarayoub

Фото: twitter.com/sangarayoub

Қайғылы оқиға Ирактың Мосул қаласына жақын жерде орын алған.

Аталған сәт видеоға түсіп қалыпты. Кадрдан паромдағы адамдарды су ағызып кеткенін анық байқауға болады.

Су көлігінде жобамен 200 адам отырған.

Соңғы мәліметтер бойынша, 93 жолаушы суға кеткен.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, паромдағы жолаушылардың басым бөлігі әйелдер мен балалар болыпты. Олар жүзу білмеген.

Алдын ала болжамға сәйкес қайғылы жағдайға паромдағы адамның шектен тыс көп болуы мен Тигр өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі себеп болған.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
6
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel