Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаштың Мәскеудегі концерті қалай өтті? (видео, фото)

Опубликовано:

Қазақтың атын әлемге танытып жүрген Димаш Құдайберген 22 наурыз күні Мәскеу қаласындағы Кремль сарайында жеке ән кешін берді. Өнер иесінің концертіне әлемнің түкпір-түкпірінен таңдармандары жиналды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айған Жолдасова Мəскеудің Кремль сарайында еліміздің өер адамдары арасында ең бірінші болып жеке концертін берген Димаш Құдайберген екенін алға тартты.

Оның айтуынша, залда ине шаншар орын болмаған.

"Билеттер қанша уақыт бұрын таусылып кеткенін білесіздер. Міне, нағыз өнер адамына қажет адреналин! Міне, нағыз бақыт! Димаш, бағың еселеніп, елдің махаббатына бөлене бер! Шаршама, талма! Самғай бер", - деді Айған Жолдасова.

Димаштың Мәскеудегі ән кешіне ата-анасы мен жақындарынан бөлек, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағанбетов, "Қазақстан" РТРК басшысы Ерлан Қарин, атақты композитор Төлеген Мұхамеджанов, Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров арнайы келді. 

Сондай-ақ, Ерке Есмахан, Данэлия Төлешова, Ұлықпан Жолдасов, Айнұр Тұрсынбаева, Азамат Сатыбалды, Мирас пен Құралай сынды танымал өнер иелері қатысты.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1784844-dimasty-mskeudegi-koncerti-kalaj-tti-video-foto/

pixel