RU
Жауын-шашын, найзағай: 23 наурыз күні қандай ауа райы күтіледі?
Жаңалықтар Қоғам

Жауын-шашын, найзағай: 23 наурыз күні қандай ауа райы күтіледі?

Рассказать Вконтакте

23 наурыз күні Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі деп хабарлайды РМК "Қазгидрометке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: zabavnik.club

Көрнекі фото: zabavnik.club

Синоптиктер болжамы бойынша, еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Ал оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыс пен шығыста күн жауын-шашынсыз өтетіні болжануда.

Аталған аймақтардың кей жерлерде тұман, көктайғақ, оңтүстік пен шығыста жел күтіледі.

Түркістан облысында найзағай ойнап, бұршақ жауып, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл аймағында жел 20-25 м/с жететіні болжанады.

Жамбыл мен Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Павлодар облыстарынның жекелеген аймақтарында тұман түсуі ықтимал.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ күтіледі.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel