RU
ІІМ басшысы Атырауда қаза тапқан полиция қызметкерінің анасына көңіл айтты
Жаңалықтар Қоғам

ІІМ басшысы Атырауда қаза тапқан полиция қызметкерінің анасына көңіл айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның ішкі істер министрі Атырауда cуға батып бара жатқан әйелді құтқарып қалған полиция қызметкері Шалқар Ақымғалиевтің анасына көңіл айтты. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ерлан Тұрғымбаев. Фото: IIМ баспасөз қызметі

Ерлан Тұрғымбаев. Фото: IIМ баспасөз қызметі

Ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаев Шалқардың анасы Ләззат Мәженқызына жолдаған көңіл айту хатында ішкі істер органдары және қалың қазақ жұрты өзінің ер-жүрек, батыр ұлынынан көз жазып қалғандығын, бұл орны толмас қайғы екендігін жеткізген.

"Елін шексіз сүйген, халқы үшін адал қызмет атқарып, туған жер тыныштығын қас қақпай қорғаған батыр ұл өсіргендеріңіз үшін  алдарыңызда басымызды иеміз. Біз оның ерен ерлігін, батырлық болмысын, биік азаматтық келбетін ешқашан ұмытпаймыз. Асыл ердің жаны жәннатта, топырағы торқа, иманы жолдас болсын", - деді министр.

Тұрғымбаевтың сөзінше, патрульдік полиция сержанты Шалқар Ақымғалиев мемлекеттік наградаға ұсынылады және ІІМ жеке құрамы тарапынан материалдық көмек көрсетіледі.

Еске сала кетсек, 21 наурыз күні Атырауда көпірден Жайыққа секірген бойжеткенді құтқармақ болған полиция қызметкері қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз
3
0
1
12
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel