Выйти
RU

Астана қаласының атауы ресми түрде Нұр-Сұлтан болып өзгерді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Астана қаласы ресми түрде Нұр-Сұлтан болып өзгертілді. Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел орталығы Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы

"Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9 бабына сəйкес қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Астана қаласының атауы ресми түрде Нұр-Сұлтан болып өзгерді