RU
Атыраулықтар ерлікпен қаза тапқан полиция сержантын соңғы сапарға шығарып салды
Жаңалықтар Қоғам

Атыраулықтар ерлікпен қаза тапқан полиция сержантын соңғы сапарға шығарып салды

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 23 наурызда Атырауда суға кеткен қызды құтқарамын деп қаза тапқан полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевты ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне мыңнан аса қала тұрғыны жиналды. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

фото: Атырау облыстық полиция департаменті

фото: Атырау облыстық полиция департаменті

Жиналған қауым арасында Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев, Қазақстанның ІІМ әкімшілік полиция комитеті бастығының орынбасары М.Байболов, облыстың бас полицейі А.Дүйсембаев, сондай-ақ полиция департаментінің жеке құрамы болды.

фото: Атырау облыстық полиция департаменті

фото: Атырау облыстық полиция департаменті

Қаралы жиында полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсембаев қызметкерінің жоғары адамгершілік қасиетін еске алды.

"Өзімнің қызмет еткен бірнеше жылдардың ішінде алғаш рет жас жауынгерімнен айырылып тұрмын. Менің жауынгерім қан майданда емес, адамды ажалдан арашалау кезінде Жайықтың асау толқынында қайтыс болды. Қош бол, менің жас жауынгерім!" - деді ол.

Ақымғалиевтер жанұясына көңіл айтқан парламент сенатының төрағасы Д.Назарбаева, "Нұр Отан" партиясы төрағасының біріншісі хатшысы М.Әшімбаев, Қазақстанның ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың жедел хаттары таныстырылды.

фото: Атырау облыстық полиция департаменті

фото: Атырау облыстық полиция департаменті

Жерлеу рәсімі кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевқа құрмет көрсету үшін полиция департаменті қызметкерлері аспанға үш мәрте бос патрондармен оқ атып, қоштасу белгісін білдірді.

фото: Атырау облыстық полиция департаменті

фото: Атырау облыстық полиция департаменті

Сіздің реакцияңыз
3
3
2
28
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel