RU
Тұрсынбаева: Күміс медаль мен үшін күтпеген жүлде болды

Тұрсынбаева: Күміс медаль мен үшін күтпеген жүлде болды

Рассказать Вконтакте

Жапонияда өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, отандық спортшы қыз Элизабет Тұрсынбаева жарыс соңындағы баспасөз мәслихатында журналистер сұрағына жауап берді деп хабарлайды Olympic.kz.

Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

Журналистер Тұрсынбаевадан төрттік сальхов әдісіне байланысты сұрақ қойған.

 "Қазіргі қуанышымда шек жоқ. Күміс медаль мен үшін күтпеген жүлде болды. Осы сәтке дейін бұл элементті таза орындағаныма сене алар емеспін.

Таңертеңгі жаттығу сәтімен өтті. Соңғы екі жарыста сальховты орындау барысында қате жібергенімді білесіздер. Міне, бүгін таза орындап шықтым.

Мұз айдынына бет алған кезде өзімді керемет сезінгенмін. Сол сезім соңына дейін жоғалған жоқ, - деді спортшы қыз.

Еске сала кетсек, Жапонияның Сайтама қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында Элизабет Тұрсынбаева күміс медаль жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel