RU
Екпеден қорқатын ер адам елдің көзінше жылап жіберді

Екпеден қорқатын ер адам елдің көзінше жылап жіберді

Рассказать Вконтакте

Желіде екпеден қорқатын ер адамның видеосы тарап кетті. Медбикенің көзінше айқайға салып, жылаған азамат оқырмандар арасында бірден қызу талқыға түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: скриншот

Фото: скриншот

Instagram желісінде жарияланған видеода ер адамға екпе салу сәті көрініс тапты. Орташа жастағы азамат өз қорқынышын баса алмай, елдің көзінше жылап жіберген.

Ол айқайға салып, барынша медбикеге кедергі келтірмек болды. Алайда, медицина қызметкері өз міндетін сәтті атқарып шықты.

Екпеден қорқатын ер адамның видеосы ғаламторда қызу талқыланып, көпті күлкіге қарық қылған. Оқырмандар азаматтың кішкентай бала сияқты жылағанын алға тартып, оған қатысты ойымен бөлісуде.

Сіздің реакцияңыз
9
3
1
0
1
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel