RU
Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды: Бес адам зардап шекті

Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды: Бес адам зардап шекті

Рассказать Вконтакте

23 наурыз күні Алматыда Рысқұлов пен Қазыбаев көшелерінің қиылысында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан бес адам зардап шеккен деп хабарлайды Sputnik Казахстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Стрингер

Фото: Sputnik / Стрингер

Оқиға куәгерлернің мәлімдеуінше, Toyota Camry автокөлігі үлкен жылдамдықпен Рысқұлов көшесінің бойымен батыс бағытта келе жатқан.

Алайда, жүргізуші бұрылмақ болған сәтінде көлікті басқара алмай, апатты жағдайға ұшыраған. Оған басқа көліктің жолда қауіпті жағдай тудыруы себеп болса керек.

Нәтижесінде Toyota жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетіп, Mercedes Sprinter шағын автобусына соқтығысқан.

Жол апатының салдарынан бес адам зардап шекті. Қоғамдық көліктің үш жолаушысы алғашқы медициналық көмекпен, дәрігерлер тексерісінен соң үйлеріне қайтарылды. Жеңіл көлікте болған екі адам ауруханаға жеткізілген.

Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Фото: Sputnik / Стрингер

Фото: Sputnik / Стрингер

Сіздің реакцияңыз
2
4
2
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel