RU
Роза Рымбаева Украина төрінде халықаралық жүлдеге ие болды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Роза Рымбаева Украина төрінде халықаралық жүлдеге ие болды (фото)

Рассказать Вконтакте

Роза Рымбаева Украина төрінде "Жыл адамы" халықаралық жүлдесінің иегері атанды. Отандық эстрада дүлдүлі өнер мен мәдениет саласының дамуына елеулі түрде үлес қосқаны үшін марапатталған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram Коллаж: NUR.KZ

Фото: Instagram Коллаж: NUR.KZ

Бұл қуанышты хабарды бірінші болып әншінің ұлы Әли Оқапов Instagram желісі арқылы хабарлады. Ол анасының жетістігін мақтан етіп, көпшіліктен сүйінші сұраған.

Анықталғандай, халықаралық жүлдені салтанатты түрде табыстау рәсімі Киев қаласында өткен.

"Роза Рымбаева - жыл адамы. Украина 2019. Беларусия мен Ресейден кейін, енді міне Украина да анамды үлкен жүлдемен марапаттады" , - деп жазған Оқапов.

Сіздің реакцияңыз
4
1
3
0
2
37
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel