RU
Оралда ас пышағымен қаруланған азамат ұялы телефон дүкенін тонап кеткен
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Оралда ас пышағымен қаруланған азамат ұялы телефон дүкенін тонап кеткен

Рассказать Вконтакте

23 наурыз күні Оралда ас пышағымен қаруланған азамат "Мобильник" атты ұялы телефондар дүкеніне шабуыл жасаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ria.ru

Фото: ria.ru

Өңірлік полиция департаменті ұарулы шабуылды тек бір адамның жасағанын мәлімдеді. Ол 31 жастағы дүкен сатушысына пышақ жарақатын келтіріп, оқиға орнынан ұялы телефондарды ұрлап кеткен.

"Ер адам пышақ жарақатын алып қалды. Зардап шеккен азаматты бірден қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізген. Оған қажетті медициналық көмек көрсетілген" , - деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз мәслихаты.

Полицейлер қарулы шабуыл оқиғасындағы күдіктіні анықтап, дер кезінде тұтқындаған.

"Абай ауданы полиция бөлімшесінің тәртіп сақшылары БҚО-ға қарасты Бәйтерек ауданының тұрғынын тұтқындады. 40 жастағы азамат бұған дейін істі болған. Оған қоса, ол полициядағы тізімге тіркелген" , - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Наурызғалиева.

Қазіргі таңда, күдікті уақытша тергеу изоляторына тоғытылған. Оған қатысты "Қарақшалық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кетті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel