RU

Марат Тажин мемлекеттік хатшы қызметіне келді

Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Тажинді мемлекеттік хатшы етіп тағайындау жөніндегі жарлыққа қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: press-unity.com
Фото: press-unity.com: UGC
"Марат Мұханбетқазыұлы Тажин президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары қызметінен босатылып, мемлекеттік хатшы болып тағайындалсын" , - деп жазылған жарлық мәтінінде.

Марат Тажинге дейін бұл лауазымды қызметте Бақытжан Сағынтаев болған. Ол президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.

Айта кетейік, Тажин бұған дейін президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болып еңбек еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1784943-marat-tazin-memlekettik-hatsy-kyzmetine-keldi.html