RU
Павлодар облысында жас жігіт пен ер адам жоғалып кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Павлодар облысында жас жігіт пен ер адам жоғалып кетті

Рассказать Вконтакте

Павлодар облысында 23 жастағы Данияр Кабдуахитов пен 82 жастағы Алексей Жабцев іздестіріліп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жоғалып кеткендер. Сурет еріктілерден алынды

Жоғалып кеткендер. Сурет еріктілерден алынды

Еріктілердің мәліметінше, Данияр Кабдуахитов 19 наурыз күні жоғалған. Анықталғандай, ол Черное ауылындағы туыстарының үйінен шығып, із-түзсіз кеткен. 20 наурыз күні оны Бесқарағай ауылынан көрген.

Жоғалып кеткен жігіттің белгілері: бойы 178 сантиметр, көзі қоңыр, шашы қара әрі қысқа, бетінде безеу бар.

Жас жігіттің үстінде көк түсті куртка, сұр шалбар, жасыл түсті футболка және аяғында галош болған.

Оның жоғалып кеткенін туыстары полицияға хабарлаған.

Павлодар облысында жас жігіт пен ер адам жоғалып кетті

Павлодар облысында жас жігіт пен ер адам жоғалып кетті

Алексей Митрофанович Жабцев осы жылдың 9 наурызында жоғалып кеткен. Ол үйінен белгісіз бағытта кетіп қалған.

Азаматтың туыстары оның адасып кетуі мүмкін екенін алға тартты.

Жоғалып кеткен ер адамның бойы 170-180 сантиметр. Ағарған шашы, аппендициттен тігісі, сол қолында татуы бар.

Ол қара түсті куртка, бас киім, шалбар мен аяқ киімде болған.

Павлодар облысында жас жігіт пен ер адам жоғалып кетті

Павлодар облысында жас жігіт пен ер адам жоғалып кетті

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
3
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel