RU
Омбыда қазақстандық студент қызды қағып кетті: бойжеткеннің жағдайы ауыр
Жаңалықтар Қоғам

Омбыда қазақстандық студент қызды қағып кетті: бойжеткеннің жағдайы ауыр

Рассказать Вконтакте

Омбыда қазақстандық студент қызды көлік қағып кетті. 19 жастағы аруды ауыр жағдайға түсірген «Тойота Старлет» жүргізушісі іздестіріліп жатыр деп хабарлайды БК55-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

Оқыс оқиға күні кеше сағат 22:00 шамасында Красный путь көшесінде орын алған. Аялдама маңынан жасыл түске жолдан өтпек болған 19 жастағы студент қызды «Тойота Старлет» көлігінің жүргізушісі қағып кеткен.

Бұл туралы желі қолданушысы хабарлаған. Ол ВКонтакте желісіндегі «Омск оқиғалары» атты парақшаға жазба жариялаған. Онда ауыр жағдайда болған бойжеткенді жедел жәрдем алып кеткені айтылған. Желі оқырманы оқиға куәгерлерінен видеотіркегіштегі бйнежазбаны іздестіруде көмек сұрады.

Куәгерлер бірден полиция қызметкерлерін шақыртқан. Алайда, тәртіп сақшылары тек 30 минуттан соң бір-ақ келген. Қазіргі таңда, олар істің мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
10
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel