RU
Қалетаев енді Сағынтаевтың орынбасары қызметін атқарады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қалетаев енді Сағынтаевтың орынбасары қызметін атқарады

Рассказать Вконтакте

Дархан Қалетаев Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды деп хабаралйды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қалетаев

Дархан Қалетаев. Фото: ОКҚ

"Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасы президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын", - делінген ресми хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, Қалетаев мырзаның 1 наурыз күні премьер-министр кеңсесіне басшы болып тағайындалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

  • Дархан Калетаев 1972 жылы 10 қазанда Шығыс Қазақстан облысында өмірге келген.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебін бітірген. Мамандығы бойынша тарихшы-оқытушы, мемлекеттік басқару менеджері.

Еңбек жолын 1995 жылы бастаған Калетаев - саясаттану ғылымдарының докторы.

"Құрмет", "Парасат" ордендерімен және көптеген мерекелік медальдармен марапатталған.

Ол президент әкімшілігі басшысының орынбасары, "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның басқарушы директоры қызметтерін атқарған.
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болды.
  • 2018 жылы 4 сәуір айынан 2019 жылдың ақпанына дейін Қазақстанның қоғамдық даму министрі болды.

Сіздің реакцияңыз
12
0
3
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel