RU

Нұрсұлтан Назарбаев өз кеңсесінде тағайындаулар жүргізді

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев өз кеңсесінде бірнеше тағайындаулар жүргізді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының шешімімен Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тағайындалды:

Айдос Ыдырысұлы Үкібай – Елбасының баспасөз хатшысы;

Арслан Момышұлы Дандыбаев – Елбасы Протоколының басшысы;

Нұрлан Мұхтарбекұлы Ыбыраим – Ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі;

Нұрлан Жамбылханұлы Қаймолдаев – Құжаттама, қаржы және кадрмен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;

Асқар Мәуленұлы Молдағаринов – Елбасы Кеңсесі Басшысы Хатшылығының меңгерушісі;

Елдар Серікұлы Томашов – Елбасы Көмекшісі Хатшылығының меңгерушісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1785028-nrsltan-nazarbaev-z-kesesinde-tagajyndaular-zrgizdi.html