RU
"Нұр-Сұлтандықпыз": Астаналықтар елорданың жаңа атауын қалай қабылдады?
Жаңалықтар Қоғам

"Нұр-Сұлтандықпыз": Астаналықтар елорданың жаңа атауын қалай қабылдады?

Рассказать Вконтакте

Қазақстандықтар осыдан тура бір апта бұрын тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін тоқтату туралы хабарды көзге жас алып қабылдап, жаңа президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысына сәттілік тілеген еді. Бір аптаның ішінде бас қаланың атауы "Нұр-Сұлтанға" өзгеріп, бұрынғы астаналықтар "Нұр-Сұлтандық" болып шыға келген еді. Тарихи күнді бастан кешірген елорданың бүгінгі жай-күйі қалай? Бас шаһар тұрғындары қаланың жаңа атауына үйренді ме? KAZ.NUR.KZ тілшісі аталған сауалдарды бұрынғы "астаналықтарға" қойып көрді.

Нұр-Сұлтандықтардың көпшілігі елорданың жаңа атауы мен Елбасының өкілеттігін тапсыруы сынды тарихи шешімдерге таң қалысқан көрінеді. Блиц-сауалнамаға қатысушылардың кейбірі тіпті соңғы аптаны "сенсациялық апта" деп атады.

"Қарап отырсақ бір апта болыпты. Бастапқыда енді не істейміз, бәрі қалай тез өзгеріп кетті деп алаңдағанбыз. Бірақ өмір қалай болды, солай жалғасты. Өзгерген ештеңені байқамадық.

Жалпы сенсациялық апта болды десек артық айтпаспыз. Елбасының өкілеттігін тапсырып, Астананың атауының өзгергенінің өзі қайда жатыр.

Әрине "Нұр-Сұлтандықпыз" дегенге үйренбесек те, уақыт өте келе құлағымыз үйренетін шығар. Бастысы еліміз тыныш болса болды", - дейді астаналық бір топ жастар.

Ал енді бірі өткен аптада футболдан Қазақстан құрамасының Шотландияны ұтуы мен Элизавет Тұрсынбаеваның әлем чемпионатында күмістен алқа тағынғанын тарихи сәт деді.

"Саясатқа көп қызықпаймын. Бастысы бейбіт елде өмір сүрсек болғаны. Астананың атауын өзгерткеннен де түк өзгермейді.
Өзім спортқа қатты қызығатын адамның бірі ретінде, Қазақстанның Шотландияны жеңіп, Ресейден ойсырата ұтылуын, Элизавет Тұрсынбаеваның тарихи жеңісін өткен аптаның басты оқиғасы деп айтар едім", - деді астаналық жас спортшы.

Сонымен бірге, сауалнамаға қатысушылар Астананың жаңа атауына қатысты өз ойларын да ортаға салды. Олардың бірі бас шаһардың атауын өзгертуге қарсы болғандықтарын айтса, енді бірі керісінше қолдау көрсететіндіктерін атап өтті.

"Өзімізге үйренген Астана атауы ұнайды", "Нұр-Сұлтан дегенге үйренетін шығармыз, бірақ бәріне уақыт керек", "Асығыс шешім болды, Астана деп қала беруі керек еді", "Нұр-Сұлтан атауы да жақсы, Елбасының еңбегі зор" деп пікірлерін білдірді қала тұрғындары.
Сіздің реакцияңыз
50
1
2
2
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel