RU
Нұр-Сұлтанда көлік ұрлаған қарақшы мен үш полицей апатқа түсті (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Нұр-Сұлтанда көлік ұрлаған қарақшы мен үш полицей апатқа түсті (видео)

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда мас күйде көлік айдаған жүргізуші полицейлерден қашпақ болып, апатты жағдай тудырды. Оқиға салдарынан үш тәртіп сақшысы мен жол ережесін бұзған азамат зардап шекті. Олар түрлі жарақат алған. Бұл туралы елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Казахстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Оқиға 24 наурыз күні, сағат 22:00 шамасында орын алған. Полиция қызметкерлерінің назарына жол ережесін өрескел бұзған Infinity FX35 түскен.

Тәртіп сақшылары көлікті тоқтатпақ болғанымен, жүргізуші өзіне жасалған ескертулерді елемей қойыпты. Оған қоса, ол жылдамдықты арттырып, қашып құтылмақ болған.

Қорғалжың тас жолының Аягөз көшесімен қиылысында полицейлер көлікті тоқтатуға бекінеді. Олар заң бұзушының жолын өз көлігімен бөгеп, оның қозғалысына кедергі келтірген.

Нәтижесінде, жүргізуші үлкен жылдамдықпен келе жатып, тәртіп сақшыларының көлігіне соғылған.

Темір тұлпар ішінде болған полиция қызметкерлері жарақат алып, бірден ауруханаға жеткізілген.

Infinity жүргізушісінің кеуде қуысын жарақаттап алғаны белгілі болды. Ауруханадағы дәрігерлер тексерісінен соң, азамат Сарыарқа аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Анықталғандай, жөндеу жұмыстарына берілген көлікті жөндеу орталығының қызметкері ұрлап кеткен. Оған қоса, ол мас күйде болыпты.

Ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз
2
1
1
3
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel