RU
Әбдірахымов шымкенттік танымал әншінің кешінде қызын көрсетті (фото)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Әбдірахымов шымкенттік танымал әншінің кешінде қызын көрсетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкент әкімі Ғабидулла Әбдірахымов ресейлік "Песни" жобасында танылған Наzиманың кешінде қызы Алтынайды көпшілікке таныстырды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

ааааа

Фото: Серік Қосаев

Шымкентте кезекті "Аshyk aspan" әуе шарларының фестивалі өтті. Оған 20-ға жуық команда қатысып, тұрғындар мен қала қонақтары шарлармен қалықтап ұшу мүмкіндігіне ие болды.

Ұйымдастырушылар "Келер жылы Шымкент ТМД астанасының мәртебесін қабылдаған кезде 50 команданы қатыстырамыз", -деп отыр.

Қызықтың бәрі қас қарайған сәтте басталды. Ресей эстрадасын бағындырып жүрген Шымкенттің тумасы Наzима жерлестері үшін ән салды.

Алдымен сахнаға шыққан Шымкент әкімі тұрғындар мен қонақтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, кейінірек сахна төріне әнші Наzиманы шақырып, шақыртуды қабыл алғаны үшін алғыс айтты. 

Мұнан соң Ғабидолла Әбдірахымов әншіден рұқсат сұрай отырып, қызы Алтынайды көпшілікке таныстырды. 

"Мен лауазымдық өкілеттігімді пайдалана отырып өзімнің қызымды таныстырғым келеді. Оның есімі Алтынай", - деді Шымкент басшысы.

Осы сәтте тек әнші емес, концертке жиналған тұрғындар да "Иә" деп өз келісімдерін берді. 

Айта кетейік, кеш барысында сахнада тұрған Ғабидолла Әбдірахымов елордамыз Астананың атауы "Нұр-Сұлтан" болып ауысуын қолдайтынын айтып, концертке жиналған 20 мың халықпен бірге "Нұр-Сұлтан! Қазақстан!" деп дауыстап қолдау білдірді. 

Сіздің реакцияңыз
36
0
0
0
9
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel