Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

600-ге жуық қазақстандық цунами қаупі жарияланған Таиландта жүр

Опубликовано:

Цунами қаупі төнуі мүмкін Таиланд мемлекетінде қазіргі таңда Қазақстанның 600-ге жуық азаматы демалып жүр. Мұндай ақпаратты Қазақстан туристтік ассоциациясы жариялады деп хабарлайды Астана арнасы.

600-ге жуық қазақстандық цунами қаупі жарияланған Таиландта жүр
Көрнекі фото: deep-land.ru: UGC

23 наурыз күні 5 балдық алғашқы жер сілкінісі Андаман аралдарына жақын жерде болып өтті. Көп уақыт өтпестен Пхукет маңайында тағы сілкіністер орын алған.

Жергілікті билік өкілдері цунами қаупі туралы жариялады.

Қазақстан туристік ассоциациясының анықтамасы бойынша, Таиланд – қазақстандықтардың сүйікті демалыс орындарының бірі.

Отандастарымыз Пхукетті жиі таңдайды екен. Сонымен қатар, Патайя мен Краби де танымалдыққа ие. Бірақ ол жерде қазір Қазақстаннан барған саяхатшылар көп емес.

Демалушылардың жалпы саны 600 адам.

Ғалымдар тәжірибеге сүйене отырып, жер сілкінісінен кейін алдағы бір тәулікте басқа да табиғат апарттары орын алмаса, қауіптің азайғанын айтты.

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Корольдік курорттардағы цунами ықтималдығы туралы ескерту жасап, төтенше жағдай кезінде Таиландтағы Қазақстан елшілігіне хабарласуды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1785076-600-ge-zuyk-kazakstandyk-cunami-kaupi-zarialangan-tailandta-zr/

pixel