RU
Бір мая шөпті Қазақстан туымен жауып қойған ШҚО тұрғыны ұятқа қалды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Бір мая шөпті Қазақстан туымен жауып қойған ШҚО тұрғыны ұятқа қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысы Қалбатау ауылының тұрғыны бір мая шөпті Қазақстан туы бейнеленген баннермен жауып қойған. Бұл әрекеті үшін азамат қомақты сомадағы айыппұл төлеп, жауапқа тартылуы мүмкін деп хабарлайды Устинка LIVE сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Қазнетте қазақстандық азаматтың нөсер жауыннан қорғану .үшін жиылған шөпті Қазақстанның туымен жауып қойған видеосы тарап кетті.

Автордың сөзінше, бұл бейнежазба Қалбатау ауылында түсірілген. Мая жекеменшік үй аумағында тұр.

"Тудың көлемі оның мемлекеттік органға арналғанын көрсетіп тұр.Оның қалайша шөп қораға түскені белгісіз. Құзыретті органдар қарастыруын сұраймыз",- деп айтылған жазбада.

Tengrinews.kz ақпаратына сәйкес, полицейлер фермердің кім екенін анықтаған. Ол ауылдың 54 жастағы тұрғыны болып шығыпты.

Азаматтың сөзінше, ол баннерді қаңтар айында тауып алған. Енді ауыл тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Айта кетейік, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 458-бабына сәйкес, мемлекеттік рәміздерді қорлаған тұлға 500 мыңнан 2,5 млн теңгеге дейін айыппұл төлеуі тиіс. Оған қоса, бұл әрекет үш айдан алты айға дейін қамауға, екі жылға дейін бас бостандығын шектеуге, бір жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
3
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel