RU
Омбыда көлік қағып кеткен қазақстандық студент қыз қайтыс болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Омбыда көлік қағып кеткен қазақстандық студент қыз қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Омбы қаласында көлік қағып кеткен қазақстандық қыз қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі СІМ ақпаратына сілтеме жасап.

ааааа

Көрнекі фото: www.tripadvisor.ru

Қайғылы жағдай 23 наурыз күні түнгі сағат он шамасында орын алған еді.

Жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан Инна Федорованы Toyota маркалы көлік қағып, қашып кеткен.

Жабық ми жарақатымен ауруханаға түскен студент қыздың жағдайын дәрігерлер өте ауыр деп бағалаған.

Нейрохирургия бөлімінде екі күн ес-түссіз жатқан бойжеткеннің қайтыс болып кеткенін еліміздің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.

"Марқұмның туыстарына аталған оқиға айтылды. Адам өліміне әкелген оқиғаға қатысты Ресей ІІМ тергеу басқармасы Омбы облыстық өңірі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғау үшін құжаттар дайындалып жатыр. Қазақстан елшілігі оқиғаны бақылауына алған, тергеу органдарымен байланыста", - деді ведмство өкілі.

Еліміздің сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше Инна Омбы мемлекеттік техникалық университетінің 2 курс студенті болған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel