Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алғашқы түннен көтердім": Еркек төсекте қуатты болу үшін не жеу керек?

Опубликовано:

Ауылдағы әпке-жеңгелерімен, әжелерімен әңгіме айтып, ақылын тыңдаған бойжеткен естіген кеңестерімен бөлісті. Ол төсекте еркектердің қуатын қалай арттыруға болатыны туралы қызықты дерек білген деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Көрнекі фото: goodfon.ru
Көрнекі фото: goodfon.ru: Instagram

Арудың сөзінше, жиылып отырғанда келіншектер әйелдер мен еркектердің денсаулығы туралы сөз қозғаған екен.

Сонда жасы келген әжей қыздарға еркектердің төсектегі қуаты туралы ақылын айтыпты.

"Еркек деген де бір балаң. Оның денсаулығына да қарап отыруға міндеттісің. Көтерте алмай жатса, денсаулығын түзе! Бала туғыза алмады деп кетіп қалмайсың ғой?! Мен сендерге бір құпия айтайын.

Еркектің бәрі аттай, төсекте оттай бола бермейді ғой. Сол үшін ертеде әйелдер көктемді қатты күткен. Көктемде шығатын жабайы сарымсақты таласа теріп алып, айранға турап, күйеулеріне, тіпті, үйленер жастағы ұлдарына да берген екен.

Қыз күнімізде ауылдағы жеңгелерден талай естігенбіз. Сол жабайы сарымсақты көктей жеген еркектердің қуаты керемет, ұрпағының да дені сау болатын көрінеді. Алғашқы түндерден-ақ құрсағымызға қалай біткенін байқамай қалдық қой", -деп күліпті әжей.

Мұндайды бірінші рет естіген ару кейуанадан жабайы сарымсақ туралы сұрай түскен екен.

"Кәдімгі бәйшешектен соң іле-шала көкпен бірге шығады. Сабағы тік, ауылдағылардан сұрасаң білуі керек.

Жегенде, тура сарымсақ жегендей боласың. Соны жұлып әкеп айранға, кез келген асқа қосып жегізесің. Әсіресе, аққа турап салғанның әсері жақсы болады. Ерте көктемде әлсірегенде оны жеген әйел де, еркек те, бала да қуаттанып шыға келеді.

Сосын, еттің күші, әсіресе, қазының сорпасын ішіп тұрған еркектің де қуаты мықты болады. Ет асып бергенге қиынсынбай, қамырын салмай тұрып, сорпасынан екі кесе ішкізіп жіберсең, кез келген еркектің беліндегі қуатын күшейтеді. Сосын тек бала ту да, отыра бер, ешқандай дәрігерге бармай-ақ", - деп жауап беріпті қария.

Осы кезде күбірлеген келіндер бір-біріне қарап, таңданып қалыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1785091-algasky-tnnen-kterdim-erkek-tsekte-kuatty-bolu-sin-ne-zeu-kerek/

pixel