RU
Омбыда қаза тапқан студент қыздың денесі Қазақстанға әкелінеді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Омбыда қаза тапқан студент қыздың денесі Қазақстанға әкелінеді

Рассказать Вконтакте

Омбыда көлік қағып, қайтыс болған 19 жастағы арудың денесін Қазақстанға алып келеді. Бойжеткен Петропавл тумасы болып шықты деп хабарлайды Петропавловск.news баcылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Фото:56Orb.ru

Фото:56Orb.ru

Анықталғандай, студент қыз омбылық жоғарғы оқу орындарының бірінде білім алған.

Қазіргі таңда марқұмның ата-анасы Ресейге келіп үлгерген. Олар қызының денесін елге қайтаруды ұйымдастырумен айналысып жатыр.

Омбыдағы полиция басқармасы адам өліміне әкеп соққан жол апатына қатысты егжей-тегжейлі тексеріс жүргізуде.

Алдын ала мәлімет бойынша, Тойота Старлет көлігінің тізгінінде 27 жастағы азамат болған. Ол Красный Путь көшесімен келе жатып, екі қызды қағып кеткен. Бойжеткендердің жолда жасыл түске өтіп бара жатқаны да белгілі болды.

Көлік қағып, қайтыс болған Инна Федоровамен сол күні бірге болған құрбысы әлі де өзіне келе алмай екен.

Айта кетейік, бұған дейін Омбыда қазақстандық студент қызды көлік қағып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Ауыр күйде ауруханаға жеткізілген бойжеткен есін жимастан көз жұмған.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
6
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel