RU

Ғалымжан Қойшыбаев премьер-министр кеңсесін басқаратын болды

Бүгін, 26 наурыз күні, үкімет отырысында Асқар Мамин ҚР премьер-министрі кеңсесінің жаңа басшысы - Ғалымжан Қойшыбаевты таныстырды деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

мамин
Ғалымжан Қойшыбаев. Фото: ustinka.kz: Instagram
«Үкімет қаулысымен Ғалымжан Телманұлы Қойшыбаев премьер-министр кеңсесінің басшы болып тағайындалды», — деп хабарлады премьер-министр.

Мамин Қойшыбаевтың Президент әкімшілігінде және сыртқы істер министрлігі жүйесінде — елші, министрдің орынбасары болып көп жылдар бойы еңбек атқарғанын атап өтіп, жаңа қызметте сәттілік тіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР премьер-министрі кеңсесінің басшысы лауазымын атқарған Дархан Қалетаев президенттің жарлығымен ҚР Президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1785097-galymzan-kojsybaev-premer-ministr-kesesin-baskaratyn-boldy.html