RU
Алматы әкімдігі мен БТА банкі Трамптың бұрынғы серіктесін сотқа берді
Жаңалықтар Қоғам

Алматы әкімдігі мен БТА банкі Трамптың бұрынғы серіктесін сотқа берді

Рассказать Вконтакте

Алматы билігі мен БТА банкі АҚШ президенті Дональд Трамптың кәсіп бойынша экс-серіктесін сотқа берді деп хабарлады РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы. Максим Золотухин. Мұхтар Әблязов. Фото: nts.kg. Ілияс Храпунов. Фото: turkystan.kz

Алматы. Максим Золотухин. Мұхтар Әблязов. Фото: nts.kg. Ілияс Храпунов. Фото: turkystan.kz

Талап қоюшылардың пікірінше, Феликс Сатер БТА Банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовпен және оның күйеу баласы Ілияс Храпуновпен бірге 500 млн долларға жуық қаржы жымқырған.

Арызда көрсетілгендей, бұл қаражат қаржы ұйымы мен Алматы қаласынан ұрланыпты.

"Ауыр қылмыстары үшін екі рет сотталған Феликс Сатер іздестіріліп жатқан Мұхтар Әблязов пен Ілияс Храпуновпен және басқа да сыбайластарымен бірге Қазақстандағы арызданушылардан кем дегенде 440 млн долларды жымқыру және жасыру мақсатында Халықаралық қылмыстық сызбаға қатысқан",- деп жазылған арызда.

Сонымен қатар, арызда Трамптың танысы бұрынғы сыбайластарымен ұрысып, 40 млн доллар ұрлағаны айтылған.

Іс материалдарында қаражаттың ұрланып, АҚШ-ға жеткізілуін жүзеге асырған қылмыстық сызба толық суреттелген. Арызданушылар мұндай тәсілдердің бесеуден көп болғанын айтады.

Дәлелдерде көрсетілгендей, Храпуновты бұрыннан таныған америкалық кәсіпкердің АҚШ-та ақша заңдастыру бойынша тәжірибесі мол болған.

Одан бөлек, арызданушылар Феликс Сатердің Доналд Трамп президент орнына жайғаспас бұрын Ілияс Храпуновпен өткізген бірнеше кездесуін ұйымдастырып бергеніне сенімді болып отыр.

Әңгіме барысында олар инвестициялау туралы сөз қозғаған. Алайда, Ақ үйдің қазіргі басшысы қаражат көзінің заңсыз шыққаны туралы білмеген екен.

Қазақстандық тарап талаптарда заңсыз әрекеттермен келтірілген залалды өтеуді сұрайды.

Сіздің реакцияңыз
7
0
0
1
4
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel